Путин "дос емес" елдерге мұнайды тек рубльмен сататынын мәлімдеді

1395

Владимир Путин 23 наурызда "дос емес" елдерге экспорттайтын газ ақысын тек рубльмен қабылдаймыз деп мәлім етті. Ресей билігі ЕО-ның барлық елін "дос емес" деп атады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Ностоящее Время" басылымына сілтеп.

Путин "дос емес" елдерге мұнайды тек рубльмен сататынын мәлімдеді

Батыс елдері Ресейге көптеген санкция салып жатқан тұста Путин: "Ресейдің ЕО-ға тауар жеткізіп, ақысын олардың валютасымен алуында мағына жоқ" деп түсіндірді.

Батыстың көптеген елі Ресейге еуро мен доллар әкелуге тыйым салды, Ресейдің доллар, еуромен сақталған резервін "қатырып қойды". Ресейлік банктер, соның ішінде ВТБ, ВЭБ және Сбербанк SWIFT халықаралық есеп айырысу жүйесінен ажыратылды, бұл шетел валютасында есеп айырысуды қиындатты. Ресейде қолма-қол валюта тапшы, экспорттаушылардың валюталық кірісті сатуына және Ресей банктеріндегі депозиттерден қолма-қол ақша мен еуроны алуға еріксіз шектеу енгізілді. 

Еуропалықтар Путиннің бұл идеясына қалай жауап беретіні әлі белгісіз. Қазір көптеген ел Ресей мұнайы мен газынан толықтай бас тарту бағдарламаларын жүзеге асырып жатқаны белгілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу