Брюссельде өткен саммитте Еуроодақ елдерінің басшылары Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Эммануэль Макронның Ресей президенті Владимир Путинді ЕО елдері басшыларының кездесуіне шақыру туралы ұсынысын қабылдамай тастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, саммитте ЕО мемлекеттерінің Ресеймен қарым-қатынас орнату жөніндегі мәселелері қараcтырылады.
Бұған дейін Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Путинді ЕО басшыларының саммитіне шақыру бастамасы Женевада өткен Ресей мен Америка басшыларының кездесуімен байланысты болуы мүмкін деп мәлімдеді. 23 маусымда Financial Times Германия мен Франция ЕО-ны Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнатуға үндегенін хабарлаған еді. Нақтырақ айтқанда, кейбір дипломаттар мен Германия канцлері Ангела Меркель Ресей президентін одақ елдері басшыларының отырысына шақыруды ұсынды. Артынан бұл идеяны Эммануэль Макрон да қолдаған болатын.
Табиғат Нұрболат