Путин ешқашан бейбіт келіссөз жүргізбейді, өйткені бұл оның отставкаға кетуіне әкеліп соғады – Сорос

8788

Сорос "Ресей мен Қытай халықтарының рөлі – мемлекет билеушілеріне қызмет ету" деген пікірде.

Путин ешқашан бейбіт келіссөз жүргізбейді, өйткені бұл оның отставкаға кетуіне әкеліп соғады – Сорос

Владмир Путинді жеңу – Батыс өркениетін сақтаудың жалғыз жолы. Америкалық қаржыгер Джордж Сорос Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумда осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Қақтығыс тоқтайды, оның өзінде әлемдегі жағдай бұрынғыдай болмайды. Украинаға басып кіру Үшінші дүниежүзілік соғыстың басы болуы әбден мүмкін, біздің өркениеттің одан аман қалуы екіталай. Ресейдің шабуылы аяқ асты пайда болған нәрсе емес. Қазір әлемде бір-біріне қарама-қарсы екі басқару жүйесінің, яғни ашық қоғам мен жабық қоғамның арасындағы күрес жүріп жатыр", – деді қаржыгер.

Оның айтуынша,  Батыстағы ашық қоғамда мемлекет әр адамның бостандығын қамтамасыз етеді. Ол Ресей мен Қытайда қоғамды жабық қалыптасты деп санайды. Сорос бұл елдердегі халықтың рөлі "мемлекет билеушілеріне қызмет ету" деген пікірде. 

"Путин Украинаға басып кірген кезде үлкен қателік жібергенін түсінді, енді ол қақтығысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізу үшін қамданып жатыр. Бірақ бітімге келу мүмкін емес, өйткені оған сенуге болмайды. Путин ешқашан бейбіт келіссөз жүргізбейді, өйткені бұл оның отставкаға кетуіне әкеліп соғады", – деді Сорос.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу