Іс-шара "көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграцияға" арналады, деп хабарлайды inbusiness.kz Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еуразиялық экономикалық форум Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер мен байқаушы мемлекеттер басшыларының қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қарай орайластырылған.
Путин форумға 25 мамырда қатысады, онда түрлі жобаларды іске асыру, Одақтың халықаралық қызметі мен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелерін қарау жоспарлануда. Сондай-ақ, Путин ЕАЭО-ға мүше елдер мен саммитке шақырылған мемлекеттер басшыларымен бірқатар жеке кездесулер өткізеді.