Путин G20 саммитіне қатысады

699

Жиын офлайн форматта өтеді.

Путин G20 саммитіне қатысады

Ресей қараша айында Индонезияда өтетін G20 саммитіне шақырылды.

Бұл туралы РФ президенттің көмекшісі Юрий Ушаков мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Ушаковтың айтуынша, Владимир Путиннің жиынға қатысуы қарастырылып отыр. 

"Ия, біз қатысатынымызды растадық. Қатысуға мүдделіміз деп жауап бердік", – деді Ушаков. 

Ол саммитте күн тәртібі аясындағы мәселелердің талқыланатынын, сондай-ақ "Үлкен жиырмалыққа" кіретін елдердің орталық банктерінің басшылары мен қаржы министрлерінің сәуір айындағы кездесуінде көтерілген мәселелерді қарастыру жоспарланып отырғанын айтты. 

Бұған дейін Украина Президенті Владимир Зеленский мен Ресей Президенті Владимир Путин Индонезияда кездесуі мүмкін деп хабарланған болатын. Өйткені бұл шараға Зеленский де шақырылған болатын.

Еске сала кетейік, G20 саммиті осымен 17-мәрте ұйымдастырылайын деп отыр. Кезекті жиын 15-16 қарашада Индонезияның Бали аралында өтеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу