Путин Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс қандай жағдайда тоқтайтынын айтты

208

Сөзінше, қос тараптың мүддесі ескерілуі тиіс. 

Путин Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс қандай жағдайда тоқтайтынын айтты Фото: Жасанды интеллект

Ресей президенті Владимир Путин Иран мен Израиль арасындағы шиеленіске қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, бұл мәселеде барлық тараптың мүддесін ескеріп, өзара келісімге келу маңызды. Бұл туралы Путин әлемдік ақпарат агенттік басшыларымен кездескен кезде айтты. 

Ресей басшысы бейбіт келісім аясында Иранның бейбіт мақсаттағы атомға ие болу құқығы ескерілу керек деп есептейді. Сондай-ақ, Израильдің қауіпсіздікке қатысты құқығы қамтамасыз етілуі тиіс.

"Жалпы мұндай шешімге келуге  болады", – деді Владимир Путин.

Айтуынша, Иранда қоғам елдің саяси басшылығы төңірегінде бірігіп жатқаны байқалады.

"Біздің Иранмен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Біз ешкімге ештеңені мәжбүрлеп жатқан жоқпыз. Тек қана мәселеден шығу жолын қалай көріп отырғанымызды айтып отырмыз. Десек те, соңғы шешім Иран мен Израильдің саяси басшылығына байланысты", – деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу