Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығымен құттықтады

610

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президентіне жеделхат жолдады. 

Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығымен құттықтады Фото: ratel.kz

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, мемлекеттеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз", – делінген хабарламада.

Оның айтуынша, соңғы онжылдықтарда Ресей – Қазақстан байланыстары стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне көтерілді. Маңызды екіжақты саяси диалог, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және басқа да бағыттардағы сындарлы ынтымақтастық кеңеюде.

Сонымен қатар Ресей басшысы Мәскеу мен Астана ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар шеңберінде тиімді өзара іс-қимыл жасайды, Орталық Азия және Каспий өңірлерінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға маңызды үлес қосады деп санайды. 

"Бірлескен күш-жігермен бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты қатынастардың одан әрі дамуын қамтамасыз ететінімізге сенімдімін.

Сізге, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы шын жүректен зор денсаулық пен табыс, ал Қазақстанның барлық азаматтарына бақыт пен өркендеу тілеймін", – деді Путин.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу