"Біз Қазақстанмен өзара іс-қимыл әлеуетті ең алдымен экономикалық жолда пайдаланамыз. Ресей Қазақстанның ең ірі сауда-экономикалық серіктесі екенін тағы да атап өтемін. Былтыр тауар айналымы 34%-дан астам өсті. Бұл – 26 миллиард доллар. Ең бастысы – қарқын ала бастады. Біз халықаралық алаңдарда белсенді қарым-қатынастамыз. Биыл дипломатиялық қатынас орнатқанымызға 30 жыл – бұл мерейтой. Бірқатар ірі іс-шара белгіленген. Ғарыш, энергетика және машина жасау сынды ірі жобалармен жұмыс істейміз. Ресей инвестицияларының жалпы көлемі – 17 миллиард доллар. Әрі қарай да жұмыс істейтін боламыз. Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын, қош келдіңіздер!", – деп қарсы алды Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты.