Путин келесі аптаны демалыс деп жариялады

866

Демалыс 28 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін жалғаспақ.

Путин келесі аптаны демалыс деп жариялады

Ресей президенті Владимир Путин келесі аптаны демалыс деп жариялады. Бұл туралы ол халыққа үндеуінде мәлім етті. Оның айтуынша, бұл шешім коронавирус індетінің таралуын тежеуге зор септігін тигізбек. Демалыс күндері 28 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін жалғаспақ. 

Соңғы мәлімет бойынша, Ресейде вирус жұқтырғандардың саны 658-ге жеткен. Оның 410-ы Мәскеуде. 93 мың тұрғын қазір дәрігерлердің бақылауында. Науқастардың басым бөлігі індет өршіп тұрған елдерден келген. Олар ауруханадағы арнайы бокстарға жатқызылып, ем-дом қабылдап жатыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу