Ресей Президенті Владимир Путин контрсанкциялар туралы жарлыққа қол қойды. Құжат жергілікті құқықтық ақпарат порталында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жарлыққа сәйкес, Ресейге жау болып есептелетін мемлекеттерге қарсы экономикалық шектеулер қабылданады. Ресейлік контрагенттерге санкциялық тізімге енген шетелдік жеке және заңды тұлғалармен келісімшарт жасасуға, олардың алдындағы міндеттемелерді орындауға тыйым салынады.
Сондай-ақ тізімге енген елдерге ресейлік өнімдер мен шикізат жеткізілмейтін болады. Жарлық президент қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
Ескере кететін жайт, жақында Еуропалық Одақ Сыртқы істер жөніндегі Кеңесінің келесі отырысында Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін қабылдайды.
Табиғат Нұрболат