Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбіде Мәскеуде Сирия президенті Башар Асадпен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"15 наурызда Кремльде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің Сирия Араб Республикасының президенті Башар Асадпен келіссөздері өтеді. Саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы Ресей-Сирия ынтымақтастығын одан әрі дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ Сириядағы және оның айналасындағы жағдайды кешенді реттеу әлеуеті талқыланады", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу