Путин Курск аймағын Трамптың инаугурациясына дейін қайтарғысы келеді

125

Бұл туралы британдық The Telegraph газеті жазды.

Путин Курск аймағын Трамптың инаугурациясына дейін қайтарғысы келеді Фото: DW

Ресей президенті Владимир Путин бір бөлігін Украина қарулы күштері басып алған Курск аймағын 2025 жылдың 20 қаңтарында Дональд Трамптың АҚШ-тың 47-ші президенті ретінде ұлықтау рәсіміне дейін Ресейдің бақылауына қайтарғысы келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мұндай қадам Мәскеуге кез келген бейбіт келіссөздерге күштірек позициямен кірісуге мүмкіндік береді, дейді батыс дипломаттары. Басылымның хабарлауынша, Ресей армиясы 6 тамыздан бері украин әскерлері басып алған аумақтың жартысына жуығын бақылауға алып үлгерді.

Алдағы күндері Ресей Федерациясы ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдаланып Украина аумағына шабуылдарды күшейтуі мүмкін, деп жазады The Telegraph британдық әскери барлау қызметінің бағасын оқи отырып. Өз кезегінде украиналық сарапшылар Мәскеудің Курск облысындағы қарсы шабуылды пайдаланып, Украинаның шекаралас аймағы – Сумы облысына кіруге тырысатынын мойындап отыр.

Бір күн бұрын америкалық The New York Times газеті 50 мың адамнан тұратын ресейлік және солтүстік кореялық әскерлер тобы Курск аймағында қарсы шабуылға дайындалуда. Оңтүстік Корея, АҚШ пен Украинаның бағалауы бойынша, Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін КХДР-дан Ресей Федерациясына 8 мыңнан 12 мыңға дейін әскери қызметкер жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу