Путин мен Байден елшілерді қайтару туралы мәмілеге келді

1078

Тараптар дипломатиялық бағытта келіссөздер өткізеді.  

Путин мен Байден елшілерді қайтару туралы мәмілеге келді

Ресей мен АҚШ елшілері Мәскеу мен Вашингтондағы елшіліктерге оралады., деп хабарлайды Inbusiness.kz Ресей басшысының кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатындағы сөзіне сілтеме жасап. 

Путин Байденмен бірлесе бұл мәселеге қатысты ортақ шешім қабылдағанын және дипломаттардың елшіліктерге оралуы небәрі техникалық мәселе екенін айтты. Ол сондай-ақ тараптардың дипломатиялық бағытта келіссөздер өткізетінін жариялады.

Екі президенттің кездесуі Женева уақыты бойынша сағат 13:35-те басталып, бір сағат бұрын аяқталды. Путин мен Байден үш жарым сағат бойы сөйлесті. Кездесудің қорытындысы бойынша саясаткерлер баспасөз мәслихатын бөлек өткізуді ұйғарды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу