Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байден кездесіп, саммит алдында қол алысты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Қос президенттің кездесуі Женевадағы Ла Гранж вилласында өтеді. Путин кездесуге бірінші болып келді. Виллаға келгеннен кейін, олар Швейцария президенті Ги Пармеленмен суретке түсіп, келіссөздер өтетін кітапханаға барды.
Бұл – Байденнің билікке келгелі Путинмен алғаш рет бетпе-бет кездесуі. Путиннің Женеваға жасайтын бұл сапары Ресей президентінің 2020 жылдың қаңтарынан бергі алғашқы шетелдік сапары болмақ.Кездесу шамамен 5 сағатқа созылады. Келіссөздерден кейін көшбасшылар бөлек баспасөз мәслихатын өткізеді.
Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды, халықаралық күн тәртібін, стратегиялық тұрақтылық мәселелерін, өңірлік қақтығыстарды реттеуді, сондай-ақ COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастықты талқылайды.
Табиғат Нұрболат