Ресей президенті Владимир Путин америкалық әріптесі Джо Байденмен стратегиялық шабуыл қаруын одан әрі қысқарту және шектеу жөніндегі шаралар туралы шарттың тағдыры туралы ортақ келісімге келді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ресей басшысының кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатындағы сөзіне сілтеме жасап.
Путин жақын арада СНВ-3 тағдыры туралы келіссөздер ведомствоаралық деңгейде басталатынын мәліме етті.
Ресей және Америка президенттерінің кездесуі 16 маусымда Женевадағы Ла Гранж вилласында өтті. Қос президент үш жарым сағат бойы сөйлесті.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу