Путин мен Байден тағы кездеспек

701

16 маусымда Женевадағы Ла Гранж вилласында олардың кездесуі өткен болатын. 

Путин мен Байден тағы кездеспек

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ басшысы Джо Байденнің жаңа саммитіне қатысты келіссөздер жүріп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

Қос президенттің кездесуі қазан айында болады. Мемлекет басшылары бұрын талқыланған мәселелерді қайтадан қарастырмақ. Яғни олар стратегиялық тұрақтылық, қару-жарақ, киберқауіпсіздікті бақылау мәселелері мен Украина, Ауғанстан, Орталық Азия мен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылайды.

1 қыркүйекте Байден Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Тараптар стратегиялық серіктестікті бекіту туралы келісімге келді. Сондай-ақ олар "Солтүстік ағын-2" құрылысын айыптады. Келіссөздер шамамен екі сағатқа созылды.

16 маусымда Женевадағы Ла Гранж вилласында Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі өткен болатын. Қос президент келіссөздердің сындарлы және позитивті өткенін мәлімдеді. Келіссөздердің нәтижесі бойынша, Ресей Федерациясы мен АҚШ ядролық соғыста жеңімпаз болуы мүмкін еместігін және ешқашан ондай соғысты ашуға болмайды деген ұстанымды тағы да растады. Сонымен қатар бірқатар мәселе бойынша келісімге келді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу