Путин мен Байден Украина мәселесін талқылайды

1128

Саясаткерлер ЕҚЫҰ алаңындағы кездесу және Ресей мен НАТО кеңесінің отырысы туралы да пікір алмасады.

Путин мен Байден Украина мәселесін талқылайды

30 желтоқсанда АҚШ Президенті Джо Байден мен Ресей Президенті Владимир Путин телефон арқылы кезекті келіссөздерді жүргізеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

The Washington Post басылымының дерегінше, олар Украина мәселесін талқыламақ. Егер Ресей Украинаға басып кірсе, АҚШ ресми Мәскеуге қарсы санкция салмақ. Келіссөз барысында Байден Путиннен деэскалация жасауды талап етпек. Ресей шартты орындамаған жағдайда америкалық тарап Еуропадағы әскерилерінің санын көбейтіп, Украинаға әскери көмек көрсетеді.

Саясаткерлер ЕҚЫҰ алаңындағы кездесу және Ресей мен НАТО кеңесінің отырысы туралы да пікір алмасады. Сонымен қатар олар Иранмен ядролық келісім бойынша келіссөздердің барысын қарастырмақ. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу