Ресей президенті Владимир Путиннің америкалық әріптесі Джо Байденмен арадағы келіссөздері аяқталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Қос президенттің саммиті екі бөлімге бөлінбеді. Кездесу Женева уақытымен 13:35-те басталды, бірақ бес сағаттан аз уақытқа созылды. Келіссөздер шамамен үш жарым сағаттай болды.
РИА Новости сайтының дерегіне сүйенсек, Ақ үй басшысы саммит болған жерден кетіп қалды.
Бұған дейін шағын құрамдағы келіссөздердің аяқталғаны туралы хабарланған болатын. Бастапқы жоспарға сәйкес, олар шамамен 1 сағат 15 минутқа созылуы керек еді, бірақ мемлекет басшыларының тек екі сағаттай өзекті мәселелерді талқылады.
Путин мен Байден Украина, Беларусь және Навальный төңірегіндегі жағдайларды талқылайтыны хабарланған еді.Мемлекет басшылары стратегиялық тұрақтылықты, пандемияны, киберқылмыспен күресті, экономикадағы ынтымақтастықты, климаттың өзгеруін және Арктика мәселелеріне тоқталатыны, сонымен қатар Сириядағы, Ливиядағы, Ауғанстандағы және Таулы Қарабақтағы қақтығыстар туралы сөз қозғайтыны айтылған еді.
Табиғат Нұрболат