Ресей мен Беларусь Президенттері Владимир Путин мен Александр Лукашенко телефон арқылы сөйлесу барысында Литваның Калининград облысына бағытталған транзитті бұғаттауына қатысты қабылданатын шараларды талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Литваның Калининград облысына жеткізілетін тауарлар транзитіне енгізген заңсыз шектеулеріне байланысты жағдайға баса назар аударылды. Осыған байланысты қос елдің бірлесе қабылдайтын шаралары талқыланды", – деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін де қарастырды. Қос елдің басшылары серіктестік және одақтастық қатынастарды нығайтуды жалғастыратынын растады.
Табиғат Нұрболат