"Қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдіретінімізді жеткізуіңізді сұраймын. Жер астында қалған шахтерлер құтқарылады деп үміттенеміз", – деп жазды ТАСС агенттігі.
Беларусь Президенті Александр Лукашенко да Қазақстан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Беларусь Республикасы Қазақстанның Қарағанды облысындағы көмір шахтасында болған апат салдарынан адамдардың қайғылы қазасы туралы хабарды күйзеле қабылдады. Беларусь халқы қазақстандықтармен бірге басқа түскен қиындық пен орны толмас қазаның қайғысын бөліседі", – деп жазды Белта агенттігі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу