Путин мен Нетаньяхудың не туралы сөйлескені белгілі болды

336

Тараптар Ресей Федерациясы мен Израиль азаматтарын Газадан эвакуациялау бойынша жұмысты бірлесе жалғастыруға уағдаласты.  

Путин мен Нетаньяхудың не туралы сөйлескені белгілі болды Фото: Сергей Гунеев/РИА «Новости»

Ресей президенті Владимир Путин Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесу барысында Мәскеудің терроризмді қабылдамайтынын және айыптайтынын растады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Олар Палестина-Израиль қақтығысы, Газа секторындағы гуманитарлық жағдай туралы пікір алмасты. Владимир Путин терроризмнің барлық түрін қабылдамайтынын, айыптайтынын растады", – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар тараптар Ресей Федерациясы мен Израиль азаматтарын Газадан эвакуациялау бойынша жұмысты бірлесе жалғастыруға уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу