Путин мен Си Цзиньпин құймақ пісірді

609

Путин Си Цзиньпиннің құймағы жақсырақ шыққанын мойындады.

Путин мен Си Цзиньпин құймақ пісірді

Ресей президенті Владимир Путин мен оның қытай әріптесі Си Цзиньпин құймақ пісіріп, аспаздық шеберлігін сынап көрді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Кімнің құймағы жақсы шыққанын видеодан тамашалаңыз.

Ресей мен Қытайдың мемлекет басшылары Русский аралында 11-13 қыркүйекте өтіп жатқан төртінші Шығыс экономикалық форумында жүр. Форум аясында "Қиыр Шығыс көшелері" атты көрме өтуде, ол жерде президенттерге алжапқыш тағып, құймақ пісіріп көруге ұсыныс жасалды. Путин Си Цзиньпиннің құймағы жақсырақ шыққанын атап өтті. Ал құймақтың салмасына қос саясаткер де қара және қызыл уылдырықты таңдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу