Путин мен Тоқаев сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселесін талқылады

569

Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Путин мен Тоқаев сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселесін талқылады

Кремль баспасөз қызметінің мәліметінше, қос тарап сауда-экономика мәселесін талқыға салған.

"Биыл 16 мамырда ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммиті барысында өткен Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың кездесуінде күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар, оның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықтың бірқатар практикалық мәселесі талқыланды. Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық бірлестіктер қызметінің кейбір аспектілері де қаралды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Кремль Ресей мен Қазақстанның одақтастығы мен стратегиялық серіктестігі қатынастарын жан-жақты нығайтуға деген өзара қарым-қатынас расталғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу