Ал бүгін кездесу өтетін елдің аты аталды, хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл сұраққа Ресей президенті сұраққа жауап беріп көрген.
– Бізге мұндай маңызды жоғары деңгейдегі екіжақты кездесуді ұйымдастыруға дайын достарымыз көп. Солардың бірі – Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті. Бұл ел – кездесу өткізуге лайық, тіпті өте лайық орын деп ойлаймын, – деді ол БАҚ өкілдерінің сұрағына.
Путин өз кезегінде жолығуға қос тараптың да қызығушылық танытып отырғанын жасырмады. Қазіргі уақытта кездесу орны нақтыланған, кейін тағы да қосымша жарияланады. Болжалды мәліметке сенсек, кездесу келесі аптада өтуі ықтимал.
6 тамыз күні Мәскеуде Путин мен Трамптың арнайы өкілі кездескенін жазған едік.
Ал 14 шілдеде Трамп Ресейге Киевпен бейбіт келісімге келмесе, 50 күндік ультиматум енгізетінін айтты.
Кейінірек бұл мерзімді 10-12 күнге дейін қысқартқан болатын.