Путин мен Зеленскийді татуластыруға бейіл елдердің тізімі белгілі болды

Олардың қатарында Беларусь те бар.   

Путин мен Зеленскийді татуластыруға бейіл елдердің тізімі белгілі болды Фото: uz24.uz

Бұл туралы Александр Лукашенконың баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт мәлімдеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Аталған ел бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруға тас түйін дайын екенін жеткізді. 

– Беларусь делдал рөлін сұраған жоқ және сұрап жатқан жоқ. Біз бауырлас республикамыздың тыныштығы үшін кез келген кездесуді ұйымдастыруға дайынбыз. Барлығын жоғары деңгейде өткіземіз. Бірақ, Беларусь президенті бұл тақырыпты америкалық әріптесімен талқылаған жоқ, – деді Наталья Эйсмонт.

Еске салайық, бұған дейін осындай бастаманы бірқатар ел көтерген еді. Яғни, қос президенттің кездесуін өткізуді Швейцария, Италия, Аустрия және Мажарстан ұсынып, ықылас танытты.  

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливит АҚШ-тың Ресей мен Украина басшыларының ықтимал кездесу орнын белгілеп жатқанын атап өтті.

– Қазір біздің ұлттық қауіпсіздік тобы екі тараппен де талқылап жатқан түрлі нұсқа бар, – деп қысқа қайырды ол. 

Ливит өте жауапты кездесуді ұйымдастыруға вице-президент Джей Ди Вэнс, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио және Америка көшбасшысының арнайы өкілі Стивен Уиткофф жауапты екенін жасырмады. 

– Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлесті және ол бейбіт процестің келесі кезеңіне Зеленскиймен кездесуді ұйымдастыруға, қажет болса, президенттер Путин, Зеленский және Трамптың үшжақты кездесуін ұйымдастыруға келісті, – деп нақтылай түсті Ақ үйдің баспасөз хатшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу