Путин мен Жапаров кезекті келіссөздерін жүргізеді

719

Қос президент пандемияға қарсы шараларды, Қырғыз Республикасына ресейлік вакциналарды жеткізу жағын талқылайды.

Путин мен Жапаров кезекті келіссөздерін жүргізеді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 24 мамырда Ресейге аттанды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Қырғызcтан мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қырғыз Республикасының президенті 24 мамырда жұмыс бабымен Ресей Федерациясының Сочи қаласына аттанды. Іссапар барысында Жапаров Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, Қырғызстан мен Ресей ынтымақтастығын одан әрі кеңейту жоспарын талқылайды", – деп жазылған мәлімдемеде.

Кездесу барысында екі мемлекеттің көшбасшылары өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ҰҚШҰ, ТМД және ШЫҰ шеңберіндегі өзара әрекет, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық интеграцияны тереңдету мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар қос президент пандемияға қарсы шараларды, Қырғыз Республикасына ресейлік вакциналарды жеткізуге қатысты келіссөздер жүргізеді.
Ресей Федерациясына аттанған қырғыз делегациясының құрамында Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев, президент әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Дастан Дүйшекеев және бұл елдің Ресейдегі елшісі Гүлнар-Клара Самат бар.

Табиғат Нұрболат

Фото: kremlin.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу