Путин Моңғолияға арзан газ бен жанар жағармай беруге уәде етті

129

2023 жылдың желтоқсан айының соңында Жоба құжаттамасын жасау аяқталды.

Путин Моңғолияға арзан газ бен жанар жағармай беруге уәде етті Фото: kremlin.ru

Моңғолия Ресейден Қытайға құбыр арқылы өтетін арзан газдың бір бөлігін пайдалана алады. Бұл туралы Владимир Путин Моңғолияның "Оноодор" газетіне берген сұхбатында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы Ресейден Қытайға Моңғолия аумағы арқылы өтетін, ұзындығы 960 шақырымнан асатын "Союз Восток" газ құбырының жобасы туралы еске салды. Президенттің айтуынша, 2023 жылдың желтоқсан айының соңында жобаның құжаттамасын жасау аяқталды.

"Айтпақшы, егер бастапқыда моңғол серіктестері тек транзиттік рөлмен шектелгісі келсе, қазір сіздердің экономикаңыз бен инфрақұрылымыңызды дамыту үшін арзан құбыр газының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі қарастырылуда", - деді Путин.

Сондай-ақ, ол Ресей Моңғолияның жанар-жағармай материалдарын жеңілдетілген бағамен жеткізу туралы өтініштеріне "оң жауап беретінін" айтты.

"Тиісті үкіметаралық келісім жасалып жатыр", - деді президент.

Моңғолиядағы "Союз Восток" газ құбыры Сібір кен орындары мен Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасында өтетін ресейлік "Сібір күші-2" газ құбырының жалғасы болады.

"Сібір күштері — 2" жобасы 2020 жылы басталды. Оның ұзындығы шамамен 6,7 мың шақырымды құрайды, оның 2,7 мыңы Ресей аумағы арқылы өтуі керек, жобаланған қуаты – жылына 50 миллиард текше метр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу