Жұма күні Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі. Бұл туралы "Интерфакс" жазып отыр.
"Сириядағы жағдайды бейбіт реттеу жөнінде Астанада келіссөз өткізуге қатысты сұрақтар, сондай-ақ Санкт-Петерборда өткен еуразиялық экономикалық одақ пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының саммиттерінің қорытындысы талқыланды", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу