Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен Астанада Сирияға қатысты кездесуге даярлықты талқылады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.
"Сириядағы жағдайды реттеу жөнінде Астанада өтетін халықаралық кездесуге даярлықтың барысы талқыланды", – делінген ақпаратта.
Ақпаратта айтылғандай, талқылау барысында екіжақты ынтымақтастықтың кейбір өзекті мәселесі де қозғалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу