Путин Өзбекстанға барды

706

Ресей Президенті Владимир Путин Самарқандқа барды, онда ол үш жыл ішінде алғаш рет Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер Басшылары Кеңесінің отырысына қатысады. 

Путин Өзбекстанға барды

Оны қарсы алған Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен сәлемдесу ковид-қауіпсіздік шараларына байланысты әдеттегідей төс қағысып, амандасқан жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бейсенбі күні Путиннің екіжақты және көпжақты форматтағы шетелдік көшбасшылармен кездесулері жоспарланған, ол Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен, Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен, Иран Президенті Эбрахим Раисимен, Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шарифпен және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен жүздеседі. Сонымен қатар, 15 қыркүйекте Мемлекет басшыларының қатысуымен Ресей-Моңғолия-Қытай үшжақты саммиті өтеді.

Жұма күні Ресей басшысы ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысады. Путин ұйымның алдында тұрған міндеттер туралы өзінің көзқарасын егжей-тегжейлі айтып, оның қызметін жақсарту үшін кейбір шараларды ұсынады деп күтілуде.

16 қыркүйекте Самарқандта Ресей Президенті Түркия көшбасшысы Реджеп Тайып Ердоғанмен, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модимен, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевпен екіжақты кездесулер өткізеді.

Барлық іс-шаралар аяқталғаннан кейін Путиннің ресейлік БАҚ өкілдерімен байланысы жоспарланған.

Динара Мұрат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу