"Бұл сатқындық" – Путин Пригожиннің әрекеті туралы

​Билік Ресейдің бөлінуіне жол бермейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл сатқындық" – Путин Пригожиннің әрекеті туралы Фото: news.myseldon.com

Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин елдегі саяси ахуалға байланысты үндеу жасады. Бұл ретте ол бірінші кезекте Пригожиннің әрекеті туралы да ойын ортаға салды. 

"Бұл біздің халыққа жасалған сатқындық. Билік Ресейдің бөлінуінің қайталануына жол бермейді, біз халқымызды қорғаймыз. Иә, сатқындыққа тап болдық, шектен шыққан амбициялар Ресейді сатқындыққа әкелді", – Путин. 

Еске сала кетсек, "Вагнер" басшысы ресейліктерді бүлікке шақырып, Ростовқа  әскери техникамен басып кірді. Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі қарулы бүлікке шақырғаны үшін "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожиннің үстінен қылмыстық іс қозғады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу