Путин: Ресей бірінші болып вакцинаны тіркеді

759

Препарат әуелі медицина қызметкерлері мен созылмалы аурулары бар қарт адамдарға егіледі.

Путин: Ресей бірінші болып вакцинаны тіркеді Фото: ria.ru

Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы вакцинаны Ресей бірінші болып тіркегенін мәлім етті. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. 

"Препарат тиімділігі жоғары деп айта аламын, ол иммунитетті жақсы қалыптастырады. Ол барлық тексерістен өткізілді",  деді Путин

Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко да коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаның тиімді және қауіпсіз екенін алға тартты.

Бұған елдің штаттан тыс эпидемиологы Николай Брико вакцинаны тіркеуді кейінге қалдыруға негіз жоқ екенін және зерттеу жұмыстарының халықаралық стандарттарға сай жүзеге асырылып жатқанын жариялаған еді. Енді бұл вакцина медицина қызметкерлері мен созылмалы аурулары бар қарт адамдарға егіледі.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу