Путин: Ресей босатылған аумақтарда дауыс беру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

788

Херсон облысы мен ДХР-дің Ресей құрамына кіруіне қатысты дауыс беру 23-27 қыркүйек аралығында өтеді.

Путин: Ресей босатылған аумақтарда дауыс беру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Ресей Президенті Владимир Путин Ресей Тарапы Ресей Федерациясының құрамына кіру мәселесі бойынша ЛХР, ДХР, Запорожье және Херсон облыстарында дауыс беру үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ететінін айтты.

"Біз референдум өткізу барысында қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", – деді Ресей президенті.

Ресей осы аумақтардың тұрғындары қабылдайтын шешімді қолдайды, деп атап өтті ол.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу