Көрші елдің басшысының сөзінше, Ресей өзінің келешегі үшін ең қиын күресті бастан кешіріп жатыр.
"Батыстың бүкіл әскери және ақпараттық машинасы Ресейге қарсы бағытталған. Кез келген жанжалды арнайы операция кезінде доғару керек. Бүгінгі таңда халқымыздың тағдыры шешіліп жатыр", - деді Путин ресейліктерге жасаған үндеуінде.
Ресей басшысы "біздің бірлігімізді бұзатын әрекеттер өз халқынан бас тарту" екенін атап өтті.
"Бұл еліміздің ту сыртынан пышақ сұғу. Қазір біз сатқындыққа тап болып отырмыз", - деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу