Путин: Ресей – Қазақстан экономикасындағы ірі инвестордың бірі

460

Былтыр екі ел арасындағы өзара тауар айналымы 28,2 млрд долларға жеткен. 

Путин: Ресей – Қазақстан экономикасындағы ірі инвестордың бірі Фото: akorda.kz

Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Белсенді жұмыстың арқасында екі елдің ынтымақтастығы нығайып келеді. Бүгінгі таңда Ресей өңірлері Қазақстанның облыстарымен тікелей және әріптестік байланыс орнатты.  Екі мемлекеттің Үкіметтері арасындағы 60-тан астам келісімдерден тұратын өңіраралық өзара қарым-қатынас та дамып отыр. Бұл форумның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 100 млн долларға жуық жаңа келісімдер мен меморандумдар, коммерциялық келісімшарттар әзірленді”, - деді Ресей басшысы Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде.

Владимир Путин Қазақстанмен өзара тауар айналымы өткен жылы 10%-ға артып, 28,2 млрд долларға жеткенін жеткізді.

Биыл қаңтар-тамыз айларында алыс-беріс көлемі тағы 7% қосты, деп жалғастырды ол.

“Өз кезегінде экспорттық-импорттық операцияларда ұлттық валюталарды пайдалану айтарлықтай кеңейді. Ресей – Қазақстан экономикасындағы ірі инвестордың бірі. Біздің бағалауымызға сәйкес, ресейлік капитал салымдарының жалпы көлемі 17 млрд теңгеден асып отыр. Бұл – жақсы үрдіс. Қазақстанның түрлі өңірлерінде шамамен 6 мың іскерлік құрылым жұмыс істейді”, - деді Ресей Президенті.

Путиннің сөзінше, Ресей елімізге бидай (98%), арпа, құс еті (80-90%), сондай-ақ қант (70%), ашытылған сүт өнімдері (60-70%) сияқты аграрлық дақылдардың негізгі жеткізушісі болып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің екіжақты тауар айналымы 22%-ға ұлғайып, 4 млрд долларға жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу