Ресей мен Беларусьтің ортақ валюта енгізуі уақыттың еншісінде

866

Мемлекет басшысының айтуынша, екі елдің экономика саласындағы заңдары үндестірілгеннен кейін ғана бірыңғай валюта шығарылады.

Ресей мен Беларусьтің ортақ валюта енгізуі уақыттың еншісінде Фото: reuters.com

Келешекте Ресей мен Беларусь ортақ валютаны енгізу туралы келісімге келеді. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин жыл сайынғы баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Біздің Беларусьпен арадағы интеграциямыздың деңгейі Еуроодаққа қарағанда әлі де төмен. Салыстыруға келмейді. Мен қазір ортақ валюта туралы айтып отырған жоқпын. Егер елдеріміздің экономикалық қызметтері осы мәселе бойынша қандай да бір келісімге келсе, бұл мәселе шешімін табады", – деді Путин.

Мемлекет басшысының айтуынша, екі елдің экономика саласындағы заңдары үндестірілгеннен кейін ғана бірыңғай валюта шығарылады. 

Желтоқсан айының басында Беларусь Президенті Александр Лукашенко одақтас мемлекет аясында Ресеймен бірыңғай валюта құру идеясы туралы сөзінде бұл екі ел арасындағы интеграцияның жоғары деңгейі болатынын айтқан еді. Оның пікірінше, бұл мәселені біртіндеп қарастыру керек.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу