Ол ЧВК "Вагнер" басшысымен болған жағдайды 1917 жылғы оқиғалармен салыстырды.
"1917 жылы осындай соққы жасалды. Мемлекет ыдырап, азаматтық соғыс трагедиясы болды. Елімізді ішкі сатқындықтан қорғаймыз, бұл барып тұрған сатқындық. Шектен тыс амбициялар сатқындыққа әкелді. Мемлекетті анархияға, өзара қырғынға, жеңіліске және капитуляцияға итермелеп жатыр. Біздің қорғаныс әрекетіміз қатаң болады", – деді Ресей Президенті.
Владимир Путиннің сөзінше, саналы түрде сатқындық жолына түсіп, қарулы көтеріліс жасағандардың бәрі жуырда жазаланбақ.
"Қарулы күштер мен басқа органдарға қажетті бұйрықтар берілді. Ростов-на-Дону жағдайын тұрақтандыру үшін шешуші шаралар қабылданады. Ростовтағы жағдай қиын болып отыр. Ресейге опасыздық жасағандар жауап береді", – деп түйіндеді РФ басшысы.