Путин Ростуризмді жойды

920

Тиісті жарлық құқықтық актілердің ресми порталында жарияланды.  

Путин Ростуризмді жойды

Ресей президенті Владимир Путин өзінің Жарлығымен Туризм жөніндегі федералды агенттікті (Ростуризм) жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасай отырып.

Ростуризмнің құқықтық мұрагері ретінде Экономикалық даму министрлігі тағайындалды, сонымен қатар министрлікке таратылған Агенттіктің барлық функциялары беріледі.

Бұл шешім "туризм және туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру, туристік индустрияны дамытудың тиімділігін арттыру мен федералды атқарушы органдардың құрылымын оңтайландыру мақсатында" қабылданды, делінген Жарлықта.

Экономикалық даму министрлігіне туризм саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүргізу және нормативтік-құқықтық реттеу, туристік қызметті мемлекеттік реттеудің басым бағыттары бойынша жұмысты үйлестіру, тиісті мемлекеттік қызметтер көрсету мен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Ростуризм функциялары ауысады.

Министрлікке сондай-ақ қонақүйлерді, тау шаңғысы трассалары мен жағажайларды жіктеумен айналысатын аккредиттелген ұйымдардың жұмысын, туроператорлар мен туроператорлар бірлестігінің көшпелі туризм саласындағы жұмысын, сондай-ақ гидтер мен нұсқаушыларды аттестаттауды жүргізуге уәкілетті ұйымдардың жұмысын мемлекеттік бақылау функциялары ауысады.

Ведомство туризм саласындағы құқықтық функцияларын да өз мойынына алады.

Үкіметке қабылданған шешімге байланысты Ростуризмді жоюға байланысты рәсімдерге кететін уақытты айқындау, ведомствоға жаңа функцияларды беруді ескере отырып, Экономикалық даму министрлігі қызметкерлерінің санын нақтылау, берілетін функцияларды жүзеге асырудың үздіксіздігін қамтамасыз ету тапсырылды.

Экономикалық даму министрлігі Туризм экономикасының 40 қызмет түрін - халық шаруашылығының 50-ден астам саласы мен туристік өнімді жасауға 2,5 миллионнан адамды біріктіретін үлкен мультипликативті әсері бар екенін атап өтті. 

Ростуризм 2004 жылғы 18 қарашадағы президенттік жарлықпен құрылған, қазір жарлық күші жойылды деп танылды.

Экономикалық даму министрлігі 2018 жылдың күзінен бастап Ростуризмнің қызметіне жетекшілік етті, оған дейін Агенттік Мәдениет министрлігінің қарамағында болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу