Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстандағы мерзімінен бұрын президенттік сайлауында қарсыластарынан басым түскен Садыр Жапаровты құттықтады. Ол қырғызстандық президенттің қос ел арасындағы байланыстың нығаюына атсалысатынынан үмітті екенін білдірді.
"Президент болып сайлануыңызға байланысты құттықтауымды қабыл алыңыз. Мемлекет басшысы ретіндегі қызметіңіз елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың нығаюына ықпал етеді деп сенемін. Бұл – біздің ортақ мүддеміз. Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту – Ресей мен Қырғызстанның мүддесі", – деп жазылған Кремль сайтындағы мәлімдемеде.
Еске сала кетсек, 10 қаңтарда Қырғызстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау мен басқару формасын таңдау туралы референдум өтті. Саяси додаға17 үміткер қатысып, дауыстың шамамен 79%-ын Садыр Жапаров жинады. Президенттік басқару формасын азаматтардың 80%-дан астамы қолдады.
Табиғат Нұрболат
Фото: rt.com