Путин шетел барлаушыларының 400 агенті анықталғанын хабарлады

1052

Путин шетел барлаушыларының 400 агенті анықталғанын хабарлады

Ресей президенті Владимир Путин арнайы қызметтен саяси, экономикалық және қорғаныс саласына қатысты ақпарат алуды көздейтін шетелдік барлаушылардың жолын кесуді талап етті. Ол ФСБ (Федералды қауіпсіздік қызметі) алқасына қатысып, соңғы кезде елде шетелдік агенттердің көбейгенін атап өткен, деп хабарлайды abai.kz.

Путиннің сөздерінше, олар ең соңғы заманауи тәсілдерді қолданады.

Ресей президентінің мәліметіне қарағанда, былтыр шетелдік барлау қызметінің 72 қызметкері мен арнайы қызметтің 397 агенті ұсталған.

Осының алдында Владимир Путин ФСБ қызметкерлерін жаңа ойлап табылған ресейлік қаруды құпия сақтағаны үшін мақтаған. Ол бұл жөнінде өткен аптада халыққа жолдауында жариялаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу