Ресей президенті Владимир Путин Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жақында біз Астанаға барамыз, онда ШЫҰ саммиті және басқа да шаралар болады, мені шақырды, шақыруды қабыл алдым", –деді Владимир Путин.
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті 3-4 шілдеде өтеді.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерінің кең ауқымын қарастырады.
"Форумға бақылаушы елдердің басшылары мен диалог бойынша серіктестер қатысады деген болжам бар", – делінген Ақорданың хабарламасында.