Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер жастардың радикалдануына қарсы тұрып, есірткінің заңсыз таралуымен күрес жүргізу жағын естен шығармауы керек. Ресей президенті Владимир Путин осылай деді.
"Бірнеше фактор бойынша жастарды радикалдандыру, барлығының атын атап,түсін түстемей-ақ қояйын, бірақ олардың бәрін де жақсы білесіздер. Оларды тек біліп қана қоймай, ондай қатерлерге қарсы күрес жүргізуіміз керек", – деді Путин ұйым мүшелерінің онлайн кездесуінде.
Сонымен қатар ол заңсыз есірткінің таралуын сөз етті.
"Қазір адамзаттың назары коронавирус пандемиясында. Бірақ есірткі мәселесі ешқайда кеткен жоқ. Бұны да ұмытпау керек. Онымен де күрес жүргізу қажет", – деді Путин.
Ескере кететін жайт, ШЫҰ-ға мүше елдердің басшыларының кезекті саммиті келесі жылдың қыркүйек айында Душанбе қаласында өтеді. 2021 жылы ұйымның құрылғанына осымен 20 жыл болады.
Табиғат Нұрболат