Путин спортшыларына олимпиадаға өзге ел атынан қатысуға рұқсат берді

665

Путин спортшыларына олимпиадаға өзге ел атынан қатысуға рұқсат берді

Ресей президенті Владимир Путин ресейлік спортшылардың 2018 жылғы қысқы олимпиада ойындарына бейтарап түрде қатысуына рұқсат берді, деп хабарлайды prosports.kz.

"Біздің спортшыларға олимпиадаға қатысуға кедергі болмаймыз. Олар бүкіл мансабы бойы осы ойындарға дайындалды, бұл олар үшін өте маңызды. Сондықтан, ешкімге тыйым салмаймыз", - деді Путин.

Естеріңізге сала кетсек, ХОК Ресей құрамасын қысқы олимпиададан шеттетіп тастаған болатын. Алайда допингтен таза ресейлік спортшылар олимпиада туы астында өнер көрсете алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу