Путин тағы бір мәрте жаңа қосылған Херсон облысы мен ЛХР-ға барды

498

Ресей Федерациясының Президенті, Кремльдің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Украинаның оңтүстігі мен шығысындағы басып алынған аумақтарға барды. Бұл Путиннің осымен екінші сапары. 

Путин тағы бір мәрте жаңа қосылған Херсон облысы мен ЛХР-ға барды Фото: static.dw.com

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның оңтүстігіндегі Херсон облысына келді, деп хабарлайды inbusiness.kz ресми Кремльге сілтеме жасап.

Ол Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысқан ресейлік "Днепр" әскерлерінің тобына барып, осы топтың қолбасшысы генерал-полковник Олег Макаревичтің, әуе күштерінің қолбасшысы генерал-полковник Михаил Теплинскийдің баяндамаларын тыңдады, деп хабарланды Ресей президентінің сайтында көрсетілген.

Сонымен қатар, Путин "ЛХР" деп жарияланған аумақтағы "Восток" Ұлттық гвардиясының штабына барды.

"Мемлекет басшысы әскери қызметшілерді Пасха мерекесімен құттықтап, әулиелердің бейнесінің көшірлмелерін табыстады", - деп атап өтті Кремльде. Сапар уақыты туралы хабарланған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу