Ол мұны Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен байланыстырды, деп жазады inbusiness.kz.
"Кейбір елдердің КСРО халықтарының адамзатты нацистік обадан құтқарудағы ерлігін жоюға тырысуы кезінде нацизмге қарсы күресте тарихи шындықты қорғауда нақты үндеу жіберер едік", – деді Ресей басшысы.
Бұдан бөлек Путин 2024 жылы ТМД-да еріктілер қозғалысы жылы, ал 2026 жылы денсаулық сақтау жылы деп жарияланғаны бойынша консенсус барын атап өтті.
Астанада шағын құрамда ТМД саммиті өтіп жатқанын еске саламыз. Шара шымылдығын Қасым-Жомарт Тоқаев ашты, ол Достастық елдері көшбасшыларының қарауына "гуманитарлық әріптестікке, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ынтымақтастықтың басқа да аспектілеріне қатысты маңызды мәселелер ұсынылғанын" атап өтті.