Путин: ТМД елдерінде ортақ валюта құру керек

1963

Ресей президенті ұйымға мүше мемлекеттер келісілген валюта саясатын жүргізу керектігін айтты. 

Путин: ТМД елдерінде ортақ валюта құру керек

Бұл туралы ол ТМД елдерің басшылары Кеңесінің отырысында мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл бастама валюталық қатерден сақтану үшін маңызды болмақ.

"Егер идея жүзеге асса, ортақ қаржы нарығын құруымызға болады. Өз кезегінде бұл біздің бәсекеге қабілеттілігімізді арттыруға орасан септігін тигізеді.

Путин ТМД елдерінің қаржы саласында интеграциялануы Батыс елдерімен және өзге сыртқы нарықтармен сауда жүргізуге кедергі келтірмейтінін атап өтті. 

Айта кетейік, өткен жылы ТМД-ның сауда айналымы 17%-ға өсіп, 1 трлн доллардан асқан. Ал ұйым елдері арасындағы сауда  көлемі 190 млрд доллар болды.

Ресей ортақ валютаны құруды соңғы 10 жыл бойы айтып келеді. ЕАЭО аясында валюталық одақ құру идеясы алғаш рет одақ саммитінің декларациясында  2011 жылы айтылды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу