Путин Тоқаев пен Лукашенкомен Қазақстандағы жағдайды талқылады

725

Тоқаев ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. 

Путин Тоқаев пен Лукашенкомен Қазақстандағы жағдайды талқылады

Ресей президенті Владимир Путин қазақстандық және беларусьтық әріптестері Қасым-Жомарт Тоқаев және Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Беларусь президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, үш елдің көшбасшылары Қазақстандағы жағдайды талқылады. Алматыда наразылық білдірушілер әуежайды басып алды. Әуе портының қызметкерлері ғимараттан шықты.

Бұған дейін Ақтау қаласындағы әуежай жұмысын тоқтатты, ал коменданттық сағаттың салдарынан Нұр-Cұлтан әуежайында кешкі рейстер тоқтатылды.

Қазір Алматыда "Қазақстан" ұлттық мемлекеттік телеарнасы филиалының ғимараты өртеніп жатыр. БАҚ мәліметінше, Алматыдағы филиалдың ғимаратын белгісіз біреулер қиратқан. Телеарна қызметкерлерін ұрып-соғып, сейфтерді ашып, студияны өртеп, барлық аппаратураны алып кеткен. Кейін олар ғимаратты өртеп жіберді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу