Путин Трамптың "Бейбітшілік кеңесіне" 1 млрд доллар беруге ниетті

271

Қаражатты АҚШ-та бұғатталған ресейлік активтерден бағыттағысы келеді.

Путин Трамптың "Бейбітшілік кеңесіне" 1 млрд доллар беруге ниетті Фото: © РИА Новости / POOL

Ресей президенті Владимир Путин америкалық әріптесі Дональд Трамптан "Бейбітшілік кеңесіне" қосылу бойынша шақырту алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

"Біз АҚШ президенті Дональд Трамптың жеке шақыртуын алдық. Ол өзінің бастамасымен құрылып жатқан жаңа халықаралық ұйым – "Бейбітшілік кеңесіне" қосылуға шақырып отыр. Ресейдің сыртқы істер министрлігіне келген құжаттарды зерделеу тапсырылды, стратегиялық серіктестерімізбен кеңескеннен кейін ғана шақыруға жауап бере аламыз", – деді Ресей басшысы. 

Оның айтуынша, жаңа кеңес Таяу Шығыстағы даулы мәселелерді шешуді басты мақсат етеді. Сонымен қатар, "Бейбітшілік кеңесі" Палестина халқын мазалаған мәселелерді талқылап, Газа секторындағы аса күрделі гуманитарлық ахуалды реттеуі тиіс. Владимир Путин бұл процесс Палестина мен Израиль арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге оң ықпал еткенін де айтты.

Ресей АҚШ-тағы бұғатталған активтердің ішінен 1 миллиард долларды "Бейбітшілік кеңесіне" беруге дайын екені де белгілі болды.

"Біздің АҚШ-та бұғатталған активтеріміздің қалған қаражатын Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келісімнен кейін әскери қимылдардан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруге жұмсауға да болады. Біз бұл мүмкіндікті АҚШ әкімшілігінің өкілдерімен талқылап жатырмыз", – деді Путин.

Айта кету керек, бұған дейін Трамп Газадағы Бейбітшілік кеңесіне тұрақты мүше болғысы келетін елден 1 млрд доллар алғысы келетінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу