Путин: Түркия-Сирия шекарасына жақын лагерлерде ТМД елдерінен шыққан мыңдаған содыр бар

917

Ресей лаңкестікке қарсы күресте АҚШ-пен бірлесе әрекет етеді. 

Путин: Түркия-Сирия шекарасына жақын лагерлерде ТМД елдерінен шыққан мыңдаған содыр бар

 

Ресей президенті Владимир Путиннің айтуынша, Ресейден шыққан жүздеген және ТМД елдерінен келген мыңдаған содыр Түркия-Сирия шекарасына жақын лагерлерде орналасқан.

        "Сирия шекарашылары Сирия-Түркия шекарасының бойында тұр, қазір лагерлерде кім бар екені туралы көп ақпарат бар. Ол жердегі жүздеген содырлар Ресейден шыққан, ал бірнеше мың адам ТМД елдерінен келген", – деді Путин бейсенбіде өткен баспасөз мәслихатында.

Путин "Ресей жауынгерлік әрекеттер жасауға дайындығы мен әзірлігі бар қыруар содырдың ел аумағына енуін инфильтрациялауға мүдделі" екенін атап кетті.  "Бұл тұрғыдан барлық тапсырманы 100% шештік деп айтуға болмайды", – деп атап өтті Ресей президенті.  

Сондай-ақ  Путин: "Бұл жалпыға ортақ мәселе, өйткені барлық елге Сириядан содырлардың ену қаупі бар", – деді. "Бұл Еуропа елдеріне де қатысты. Сирияда әскери тәжірибе жинақтаған содырларды пайдалана отырып, кейбір Еуропа елдеріне шабуыл жасалған қайғылы жағдайларды білеміз. Бұл қауіп Америка Құрама Штаттарына да тән, бәрімізге қауіп төніп тұр",  – деп айырықша айтты Ресей президенті.

"Сондықтан күш-жігерімізді біріктіруіміз қажет. Бірлесе отырып сындарлы түрде жұмыс істейміз деп үміттенемін", – деп мәлім етті ол.

Путин айтып өткендей, Ресей лаңкестікке қарсы күресте АҚШ-пен бірлесе әрекет етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу