Путин Уго Чавес атындағы әлемдік сыйлыққа ие болды

831

Путин Уго Чавес атындағы әлемдік сыйлыққа ие болды

Венесуэланың президенті Николас Мадуро елдің бұрынғы көшбасшысы Уго Чавес атындағы алғашқы әлемдік сыйлықтың Ресей президенті Владимир Путинге берілетінін мәлімдеді, деп жазады reactor.inform.kz.

Мадуро баспасөз конференциясында: "Уго Чавес атындағы алғашқы әлемдік сыйлық Владимир Путинге беріледі. Маған бұл туралы арнайы комитет хабарлады. Мен Путинді әлемнің ұлы көшбасшысы деп санаймын" - деген.

Николас Мадуро Уго Чавес атындағы әлемдік сыйлықты 2016 жылдың қазанында тағайындап, оның бейбітшілік пен халықтар егемендігін сақтауға үлес қосқан тұлғаларға берілетінін айтқан болатын.

Марапат ретінде берілетін Уго Чавестің мүсінін ресейлік суретші жасаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу